«Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі - тірлік»
Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның
СЦЕНАРИЙІ
Мақсаты: «Наурыз» мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
(Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар, ата-аналар, мүғалімдер ұлттық киімдерімен келеді. Залда әсем әуен ойнап тұрады).
Қойылым «Ай мен Күн»
Повстюк Динарының орындауында «Наурыз - думан» әні
Соңғы шұмағында қыздыр шашу шашады
1 жүргізуші: Ақмырза
«Сәлем» - сөздің атасы демекші
Ассалаумағалейкум қаптаған ел,
Жүйрігінің жалындысын баптады ел.
Бүгін міне думанды мерей той болады деп,
Асқазанын сары майдай сақтаған ел.
2 жүргізуші: Аида
Армысың тойға келген үлкенің де жасың да бар,
Ашық болсын жайылған дастарханың
Шежірелі сөздердің шекесінен
Сәлем бердім төрдегі, ақсақалым (басын иеді).
1 жүргізуші: Ақмырза
Ұжымды бастап жүретін,
Әр мектептің қыр сырын нақты білетін,
Жұмыс істер ынталана, талаптана,
Ойлайтыны ылғи да – мектеп, бала, - деген сөздермен Меңдіқара ауданының білім бөлімінің басшысы Ахметова Гульдан Айтмағамбетқызына сөз береміз.
Ата – аналар қауымының атынан сөзді Кыстаубаева Алмагуль Фазыловнаға беріледі.
2 жүргізуші: Гульдан Айтмағамбетқызы, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында жасаған сиыңызға алғысымыз шексіз. Мектеп ұжымы, оқушылары атынан осы керемет әнді сізге арнаймыз.
Сахнада Фиронов Дмитрий, қарсалыңыздар
1 жүргізуші: Ақмырза
Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
«Наурызға шашу» биімен сахнада қыздар тобы (Жамиля, Айнур, Ангелина, Женя)
«Жан досым» әнімен ұстаздар тобы
2 жүргізуші:
Наурыз мейрамы— ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Дәстүрлі ұлттық ойындар ойналады. Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.
Повстюк Динара «Қазағымның дәстірлері» әнімен
Алдарыңызға кішкентай бүлдіршіндерімізді «Гүлдер» биімен шақырамыз
1 жүргізуші: Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямай өнерпаздар ән мен жырын.
Тойлайық халық тойын Наурызымның,
Шуағын жерге төккен бақыт күнін.
Мектеп оқушылары «Қара жорға» биімен
2 жүргізуші: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық ән салайық.
ҚаҺарлы қыстан өтіп Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!
Кабдоллин Акмырза «Сен үшін жаралғандаймын»
Мектепалды сынып «Көктем» биімен
Повстюк Динара «Тойбастар» әнімен
1 жүргізуші: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр — салтымның, көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның, мерекесі — Наурыз, ол — жыл басы!
Ақ батасын берсін деп, ортамызға Қыдыр атаны шақырайық.
(Бата Заманбек ағай)
Сахнаға Чупанова Наталья Бексаровнаны шақырамыз
Алдарыңызда ұстаздар тобы «Армандастар» әнімен
2 жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош, сау болыңыздар, халайық!
Көріскенше күн жарық болсын!





